Өнер және демалыс саласында жұмысын уақытша тоқтатқан компаниялар 22%-ға артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өнер мен демалыс саласында қызметін уақытша тоқтатқан компаниялар саны бірден 22%-ға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейтін, тіркелген компаниялардың саны биыл мамырдың соңында 6,7 мыңды құрап, жыл ішінде 3,5%-ға артты. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 4,8 мың мекеме, жылдық өсім - 6,2%.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ойын-сауық орталықтары, оның ішінде балаларға арналған орталықтар, кинотеатрлар, театр, көрме мен басқа да адам көп жиналатын жерлер жабылған.

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істеп тұрған мекемелердің 95%-ға жуығы - шағын компаниялар. Оның саны жыл ішінде 6,4%-ға, яғни 4,6 мыңға дейін көбейген.

Мамырдың соңындағы дерек бойынша, сектордағы орташа компаниялар саны – 226 (жылдық өсім 2,7%), ірілері – 40 (жыл ішінде сан өзгермеді).

Жұмыс істеп тұрған компаниялардың жылдық өсімі бойынша ел астанасы көш бастап тұр. Жыл басталғалы өңірде 878 жаңа компания жұмысын бастап, жылдық өсім 14,6%-ды құраған. Одан кейінгі орындарда Түркістан (+13,5%) және Ақтөбе облыстары (+12,9%) тұр.

Секторда қызметі уақытша тоқтаған компаниялар жылдық есеп бойынша бірден 21,5%-ға артып, 1,1 мыңды құрады.


Соңғы жаңалықтар