Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жүйелік іс-шаралар дайындалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жүйелік іс-шаралар дайындалуда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрияландыру картасы аясында 12 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрумен, 128 жоба жүзеге асырылуда. Индустрияландыруды одан әрі дамытудың кешенді және жүйелі тәсілінің керектігін ескере отырып «Индустриялық саясат туралы» Заң қабылданады», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-премьердің атап өтуінше, аталған Заң саладағы жұмыстың процесін жүйелендіріп мемлекеттік қолдау көрсету шарттарын жеңілдетеді.

«Қазіргі уақытта зң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралуда. Заңнамалық жұмыстардан басқа өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін бірқатар жүйелік іс-шаралар дайындалуда», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар