+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Омбыда «Қазақфильм» туындылары көрсетіледі

2019 жылғы 9 желтоқсан 14:58
Бөлісіңіз:
Омбыда «Қазақфильм» туындылары көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 16 желтоқсан күні Ресейдің Омбыда қаласында Қазақстан киносы фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ туындылары көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Вавилон» кино орталығында Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» картинасы және режиссер Адай Әбілдиновтің «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі.

«Елбасы жолы. Астана» фильміне елордамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады.

Ал «Күлтегін» тарихи анимациялық фильмі көшпенді халықтардың басын біріктіріп, көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы туралы баяндайды.

«Айта кетсек, 2020 жылдың қаңтар айында өтетін Омбы қаласындағы Қазақстан киносы фестивалі шеңберінде «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмінің орыс тілінде титрлері бар нұсқасы көрсетіледі. Бұл туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев»,- деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен.

Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде жазылған «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі. Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм 15-ғасырда Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы баяндайды. Жобаның идея авторы – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Фестиваль аясында көрсетілетін туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT