+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев өз бизнесін ашқысы келген көпбалалы ананы қабылдады

2020 жылғы 17 қаңтар 22:57
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев өз бизнесін ашқысы келген көпбалалы ананы қабылдады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көпбалалы ананы жеке өтініші бойынша қабылдады. Жеті баланың анасы Дина Әйтімбетова аймақ басшысымен кездесуге Арыс қаласынан арнайы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы 654 мың тонна ауылшаруашылық өнімін экспорттады Аида Балаеваның көпбалалы және жас отбасылармен кездесті

«Алтын алқа» иегері барша арыстықтар мен өз отбасының атынан алғысын арқалай келгенін айтты. Көпбалалы ана аз ғана уақыт ішінде қаланың қайта құрылып, ажарлануына атсалысқаны үшін аймақ басшысына үлкен алғысын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында өз үйінің жанында орналасқан бос жерге жатақхана салып, жеке кәсіп ашпақ жоспарымен де бөлісті.


Облыс басшысы қабылдауға келген батыр ананың бастамасын қолдады. Өмірзақ Шөкеев өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер жайлы атап өтті. Кездесу соңында аймақ басшысы жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT