Өмірзақ Шөкеев өңірде қатаң карантин шараларын сақтау керектігін ескертті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан өңірінің барлық әкімшілік аумақтарында коронавирус жұқтырған науқастар тіркелген. Соңғы бір аптаның ішінде 360 адам осы індетке шалдыққан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік мәжіліс отырысында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында облыс аумағында коронавирус инфекциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Аймақта аталған індетпен тіркелгендер саны 2 мың адамнан асқан. Сала мамандарының сөзінше, КВИ-дан 33 өлім жағдайы тіркелген. Оның ішінде 24 жағдай негізгі COVID-19 коронавирус инфекциясы диагнозымен және 9 жағдай COVID-19 коронавирус инфекциясы ілеспе диагнозын құрайды.

Мәжілісте Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының аумағында қатаң карантин шектеу іс-шаралары 5 шілдеден бастап 20 шілде аралығында енгізілгенін ескертті.

Осыған орай барлық аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқаруы қажеттігі тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар