Өмірзақ Шөкеев коронавирус жұқтырған жігітпен бірге келген жолаушыларды анықтаған полицейлердің жұмыстарына баға берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз етуде үздіксіз қызмет ететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді. Аймақ басшысы Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан жолаушылар автобусындағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 50 адамды шұғыл түрде анықтап, қауіптің алдын алған полиция саласы өкілдерінің қырағылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде барлық жолаушылар оқшауланып, тиісті медициналық тексеруден өтуде. Карантинге жатқызылған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатын болды. Қауіпті дерттің алдын алуға арналған жиналыста н облыстық ІІД басшысы Қайрат Дәлбеков баяндама жасап, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтып өтті.


Оның сөзінше, қауіп төндірген қалааралық автобустың жүргізушісінде жолаушылар туралы ақпарат мүлдем болмаған. Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» бақылау бекетінен өткен кезде блок-пост қызметкерлері жолаушылардың жеке басына қатысты мәліметтерін жазып алған.

Айта кетейік, бүгінде өңірде пандемияның алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді қауіпсіздік шараларын қабылдағаны белгілі. Сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылды. Олар елдімекендерде, теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан.

Отырыс барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық бақылау бекеттерінде «Сергек» камераларын орнатуды міндеттеді. Басқосуда сонымен қатар «Жібек жолы» кеден бекетінің алдында шоғырланған шетел азаматтарының тағдыры жайлы да айтылды. Олар бірнеше күн бойы барлық арнайы ашылған лагерьге орналастырылып, жағдайлар жасалған. Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, 1777 азамат Өзбекстан Республикасына өткізілді. Тағы жүзден астамы отандарына оралуды күтіп отыр.


Еске салайық, жыл басынан бері короновирусқа қатысты Полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабымен, көрінеу жалған ақпарат тарату деректері бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Олар: Кентау Түркістан қалалары, Мақтарал, Шардара, Келес, Жетісай аудандарында орын алған. Ал, облыс аумағында тұрғындарға той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатын ескертілді. Төтенше жағдай режимінде Департаментке жүктелген міндеттер қатаң бақылауға алынып, тиісті барлық іс-шаралар атқарылуда.


Соңғы жаңалықтар