Өмірдің мәнін қалай табуға болады - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Пластикалық ластанудың 80 пайызы кедей елдерге тиесілі - ВВС

Әлем бойынша, әсіресе дамушы мемлекеттерде пластикалық ластану үлкен экологиялық проблемаға айналды. Осыған байланысты ВВС басылымы цифрлық жүйе пластикалық ластанумен күрес саласына революция әкеле ала ма деген сұраққа жауап іздеп көріпті.
null

«Филиппиндегі Манил аралдарының тұрғындары бірнеше ай бұрын пластикалық қоқысқа толы жерді тазалап қойды. 27 қаңтар күні басталған тазалық науқанына бес мыңнан астам ерікті қатысқан. Олар аймақты 45 тонна қоқыстан тазалапты», деп жазады басылым. Автордың жазуынша, қоршаған ортаны қалпына келтіру әрекеті қаңтар айынан бұрын басталып кеткен.

«2018 жылдың желтоқсанында Бруклиннен келген Bounties Network тобы пилотты жоба аясында Манил аралдарынан екі күннің ішінде үш тонна қоқыс шығарған. Бұл жоба аясында қоқыс тазалаушы еріктілерге цифрлы валютамен тазаланған қоқыс көлемінің белгілі бір бөлігі кэшбек ретінде төленіп отырған», деп жазады автор.
null

Оның айтуынша, бұл жоба жаһандық ластанумен күресу үшін әрі кедей халықтар үшін үлкен мүмкіндік бола бастаған.

«Ғалымдардың айтуынша, пластикалық ластанудың 80 пайызы кедейлік көрсеткіші жоғары жерлерге тиесілі. Осы дерекке сүйене отырып пластик қалдықтарды қайта өңдеу жұмысына революция әкелуге болады. Жоғарыда айтылған жобаның баламасы Индонезия, Тайланд, Гаити жерлерінде келесі жылы қолға алынбақ», дейді автор.
null

Uber Австралияда әуе таксиін іске қосады - АВС News

Uber 2023 жылы Австралияда әуе таксиі қызметін іске қосады, деп хабарлады АВС News басылымы. Жазуынша, Мельбурн қаласы Uber Air атты жоба қолға алынатын Лос-Анджелес пен Далластан кейінгі үшінші қала болады.
null

«Вашингтонда өткен Uber Elevate Summit конференциясында компания өкілдері әуе такси қызметі үшін Мельбурннің таптырмас орын екенін айтты. Әуе такси қызметі 2020 жылы тәжірибеден өткізіле бастайды. Бұл жобаның басты мақсаты - көлік жүйесін, әсіресе әуежайларды мегаполис орталықтарымен байланыстыру», деп жазады автор.
null

Австралияның Азаматтық авиация қауіпсіздігі басқармасы өкілдері бұл жоба басталмас бұрын арнайы талаптарға сай екенін дәлелдеу керектігін айтты. Әсіресе, әуе таксиінің жүргізушілері арнайы дайындық пен жаттығудан өтуге міндеттелетін болады. Ал Квинсленд университеті ғалымы Джек Уайтхедтің айтуынша, Uber Air жобасының іске асырылуына ең алдымен билік дайын болуы керек.
null

Климаттың өзгеруі адамзаттың түбіне жете ме - Vox

«Климаттың өзгеруі адамзат өркениетінің соңына айнала ма?», деп жазады Vox басылымы. Жазуына қарағанда, жақында жарыққа шыққан жаңа баяндамада алдағы отыз жылда адамзат өткениетінің жойылуы мүмкін екені айтылған. Бұл баяндаманы Австралия сараптама орталығының ғалымдары жариялапты.
null

«Дегенмен, көптеген климатологтар климаттың өзгеруі адамзат өткениетінің соңына, тіпті, адамзаттың өліміне алып келетіні турал теорияны жоққа шығаруда. Яғни, ғалымдар арасында климаттың өзгеру адамзатқа қауіпті дүние ме әлде адамзатты өлтіретін құбылыс па деген пікірталас толастар емес», дейді автор. Оның айтуынша, климаттың өзгеруі туралы пікірталастар уақытты босқа өткізу ғана, ал шындап келгенде барлығымызға әрекет ете бастау керек.

«Бүкіләлемдік банк климаттың өзгеруі аштық, құрғақшылыққа апарып, жәндіктер арқылы тарайтын ауруларды арттырады. Халықтар арасында кедейліктің көбеюіне алып келеді. Дегенмен, бұл жаппай өркениет коллапсына әкеледі деген сөз емес», дейді автор.

Балмұздақтан бас тарту неге қиын - The New York Times

«Майға қуырылған картоп (чипсы), балмұздақ пен пицца құрамында қант, май мен тұз көп. Ғалымдар мұндай өнімдердің қандай зияны бар екенін анықтауға тырысып бағуда», деп жазады The New York Times басылымы.

Арзан өнімдердің кең тарауы бүкіл әлем бойынша семіздік көрсеткішінің артуына әсер етуде. Ал мамандардың мұндай өнімдерді тұтынуға болмайтыны туралы ескертуі еш нәтиже берер емес.

«Жақында ғалымдар өңделген өнімдер туралы үш бірдей зерттеу жүргізді. Өңдеу көрсеткіші жоғары өнімдер өндірістік қоспалардан, табиғи өнімдер қосылмай жасалады. Газды сусындар, жылдам дайындалатын тамақтардің өңдеу көрсеткіші өте жоғары. Ғалымдардың айтуынша, адамдар өңделген тамақты тұтынғанда күніне бес жүз калорий артық пайдаланады. Сонымен қатар, өңделген тамақ жүрек қантамыр ауруларын туғызатыны да белгілі болды», дей келе автор мұндай өнімдерден адам қаласа да бас тарта алмайтынын айтады.

«Өңделген тамақтардың дәмі түрлі қоспалар әсерінен өте дәмді болады. Сол себепті балмұздақ пен түрлі тәттілерден бас тарту өте қиын. Тіпті, өңделген тамақты өте аз мөлшерде жегеннің өзінде тәбетті қашыратын гормон көптеп бөлініп, ашықтырмайтын гормон аз бөлінеді. Сонымен қатар, өңделген өнімдер жұмсақ болады, сол себепті тез желінеді», деп жазады автор.

Құс еті де денсаулыққа зиян - Focus

«Осы күнге дейін құс еті ақуыздың пайдалы көзі ретінде аталып келді. Дегенмен, The American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сенсек, қызыл ет сияқты құс еті де денсаулыққа зиян болып шықты», деп жазады Focus басылымы.


null

«Осы аптада жарияланған зерттеу нәтижелерінде Калифорния университетінің ғалымдары құс етінің қандағы холестерин құрамына әсерін зерттегенін айтты. Зерттеуге 21-65 жас аралығындағы дені сау 100 әйел мен ер адам қатысты. Олар қызыл ет, құс еті мен етсіз тамақтанып, үш түрлі диета ұстады. Зерттеушілер ас мәзірін өздері жасап, әр диетадан соң қан құрамын зерттеді. Қызыл еттен сияр еті, құс етінен тауық еті таңдап алынды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қан құрамыдағы холестерин көрсеткіші сиыр еті мен ауық етін тұтынған адамдарда бірдей болып шықты. Яғни, осы күнге дейін холестерин көрсеткішін төмендету үшін құс етін жеу керек деген ұсыныс ескіріп кеткен», деп жазады басылым.

Өмірдің мәнін қалай табуға болады - Dagens Nyheter

«Адам үнемі мансап пен ақша туралы ойлап, өзінің қалауы мен армандары туралы мүлдем ұмытып кетеді. Сондай сәттерде көбі өмірдің мәні неде деген сұраққа жауап табуға тырысады. Жапон елінде «икигай» деп аталатын тұжырым бар. Бұл небәрі төрт сұраққа жауап бере отырып өмірдің мәнін табуға көмектеседі», деп жазады Швецияның Dagens Nyheter басылымы.

«Икигай, яғни, өмірдің мәнін табу Жапонияның Окинава аралынан келген. Бұл арал жоғары өмір сүру ұзақтығымен танымал. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар зейнетке шықса да ерте тұрып, өздеріне ұнайтын іспен айналысуға тырысады. Тіпті, жүз жастағы қарттардың өзі каратэ үйреніп, ауылдарды аралауға құмар», деп жазады автор. Оның айтуынша, икигай тұжырымында өмірдің мәнін табу үшін төрт сұраққа жауап беру керек.

«Бірінші сұрақ - Маған не ұнайды? Бұл өте оңай сұрақ көрінгенімен, оған жауап беру қиындық туғызады. Кейде адам өзіне ұнайтын нәрсені таппаған болуы да мүмкін. Ондай жағдайда бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе жасап көру керек. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы мансап қуып, ақша табуды маңызды санау үрдісі өзіне ұнайтын нәрседен алыстатып, бұл сұраққа жауап беруді қиындатады», деп жазады автор.

Екінші сұрақ - Мен нені жақсы істеймін? Менің қолымнан келетін нәрсе не?

«Адам өзіне ұнайтын істі анықтаған соң қолымнан не келеді деген заңды сұрақ туындайды. Өзіңе ұнайтын істі анықтаған соң қабілетіңді сараптап, сонымен байланыстыра бастайсың. Икигай - қуаныш сыйлау. Яғни, адамға қуаныш сыйлайтын әрекетті анықтау керек. Бұл жерде мамандық туралы айтып отырғанымыз жоқ», дейді автор. Икигайды табу үшін рейтинг жасап, адам өзіне ұнайтын істермен айналысып көруі керек.

«Үшінші сұрақ - Мен қай әрекетім үшін ақша ала аламын? Мысалы, ағаштан жасалған дүниелерді сату, дәріс оқу. Икигай - күн сайын үздіксіз жұмыс істеу немесе өз қабілетіңді дамыту», дейді автор.

Төртінші сұрақ - әлемге не керек?

«Қабілетіңді анықтап болған соң сол әрекетің арқылы әлемге қандай пайда тигізіп, әрекет ете алатыныңды анықтау. Бұл икигай үшін өте маңызды. Яғни, адам өзінің әрекеттеріне разы болып, айналасына пайда тигізуі керек. Бұл әрекет адамға ақша да, бақыт та әкелуі керек. Икигай адамға айналып келетін бумеранг іспетті. Адам сүйікті ісін тапса, өмірі жеңілдей бастайды. Яғни, адам жаны қалаған іспен айналысуы керек», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар