Өмірден өткен депутат Глеб Щегельскийдің өкілеттігі тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельскийдің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Галина Баймаханова баяндама жасады.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы 22 қазанда Парламент Мәжілісіне Глеб Щегельскийдің өмірден өтуіне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізу жайлы қаулы шығарды. ОСК ұсынымы шешім қабылдау үшін Парламент Мәжілісіне таныстырылып отыр», - деді Галина Баймаханова.

Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінің депутаты, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы Глеб Щегельский 17 қазанда өмірден өткен болатын. Мәжілістің V және VI шақырылым депутаты Глеб Щегельский бүгін жүрек талмасынан қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар