Өмірәлі Жалайыри: Бейбіт шеруге қатысты құжатты қолдау маңызды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшының айтуынша, жаңа заңда хабарландыру және регламент тәртібі туралы өзгеріс дұрыс орын тапқан.

«Бұл заң жобасын қолдау өте маңызды. Себебі жергілікті атқару органдарынан белгілі бір мерзімде жауап келмесе бейбіт шеруді өткізуге рұқсат беріледі. Ұйымдастырушылар хабарлаған күннен бастап 15 күн ішінде жауап клемесе, бейбіт шеру ұйымдастыру заңға қайшы болмайды», - деді Ө.Жалайыри.

Сонымен қатар, атқарушы органдар митингі өткізуге қарсылықты нақты негіздеуі тиіс.

Айта кету керек, бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен бейбіт шерулерді өткізу туралы жаңа заңның тұжырымдамасы талқыланған болатын.


Соңғы жаңалықтар