USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

«Омикрон» штамы: Қазақстанға ұшақпен келетін жолаушыны қабылдау тәртібі қатаңдатылды

2021 жылғы 30 қараша 20:12
Бөлісіңіз:
«Омикрон» штамы: Қазақстанға ұшақпен келетін жолаушыны қабылдау тәртібі қатаңдатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Учаскелік дәрігерлерге КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 жалақы көлемінде үстемеақы төленеді Омикрон штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта тұр

Құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарды қабылдаудың тәртібі бекітілген. Ол тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан, ертіп жүретін адамның ПТР анықтамасы болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан, авиакомпаниялардың экипаждарынан, Қазақстан аумағында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған азаматтардан басқалардың бәрі мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде мерзімі 3 тәуліктен аспайтын ПТР анықтамасын ұсынуға міндетті.

«Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте мерзімі 72 сағаттан аспайтын ПТР анықтама көрсетуге міндетті», - деп жазылған қаулыда.

Ал халықаралық транзитпен өтетін жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынады.

Қаулы 3 желтоқсанда сағат 0.00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT