Омбыда «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең Омбы қаласының тұрғындарына Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 21 қаңтар күні Омбы қаласының «Вавилон» кино орталығында Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі. Кинотуындының көрсетіліміне Омбы қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған» делінген ақпаратта.

Тарихи фильм көрерменге қазақ тілінде (титр - орыс тілінде) көрсетіледі.

Айта кетсек, аталған туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев.

Бұл ауқымды тарихи фильм - Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде жазылған «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі.

Фильмде XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи рөлі туралы баяндалады.

«Қазақ хандығы» жобасының идея авторы - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар