Омбыда Бурабай мен Зерендіге ресейлік туристерді тарту жайы талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев бастаған ақмолалық делегация Ресейдің Омбы қаласында «Қазақстан мен Ресейдің шекаралық әріптестігін дамытудың өзекті мәселелері» атты 16-шы өңіраралық әріптестік форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумда «жасыл экономиканы» дамыту және өңірге инвестиция тартуды дамыту шеңберінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Ресейдің «ХЕВЕЛ» компаниясының «Авелар Солар Технолоджи» ЖҚБ бас директоры Игорь Шахрай арасында қуаты 100 МВт болатын күн электр стансасын салу туралы келісімшарт жасалды. Электр стансасы 2020 жылы іске қосылған кезде энергия өндірісінің үлесі 40 пайызға артады, сондай-ақ, қоршаған орта газдардың бөлінуі азаятын болады.

Сонымен қатар, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми даму министрлігі арасында екжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл екі облыс арасындағы келісім екіжақты кәсіпорындар арасында сауда және экономикалық байланысты нығайту мүмкіндік бермекші. екіжақты туризмді дамытудың жолдары кеңінен талқыланды.

Жаңа туристік өнімдер енгізу және аталмыш саланы дамыту бойынша шараларды бірлесіп жүзеге асыру туралы «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығы мен «Қазкурорт» жауапкершілігі шектеулі қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек ресейлік туроператорлармен Ақмола облысының Бурабай және Зеренді курорттарына ресейлік туристерді тарту туралы мәселе талқыланды. Кездесуде айтылғандай, Бурабай курорты соңғы 10 жыл ішінде ресейліктер үшін үздік бестіктің қатарында. Росстат деректеріне сүйенсек, өткен жылы Бурабай курорты Ресей туристерінің арасында ТМД аумағындағы ең танымал курортарының тізімін бастаған.

Аслан Оспанов.

Соңғы жаңалықтар