Олжас Құдайбергенов алдағы сайлауда партиялардың дауыс жинау мүмкіндігіне болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономист Олжас Құдайбергенов алдағы Мәжіліс сайлауында партиялар арасындағы депутаттық мандат қалай бөлінуі мүмкіндігіне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мәжіліс пен мәслихат сайлауы жарияланды. Алғаш рет сайлаулар мерзімінен бұрын емес, Конституциямен белгіленген уақытта, 10 қаңтарда өтеді. 2,5 ай ғана уақыт қалды. Әзірше барлық партиялардың ішінде Nur-Otan ғана белсенді дайындалып, қазақстандық орындаудағы праймериз өткізді. Қалай десек те зомби-партияларға қарағанда, бұл белсенділік саналады. Олардың рейтингтері әрқайсысында, тіпті бәрін қосқанда 1 пайыздан әрең асады. Nur-Otan рейтингіне келер болсақ, шамамен 70-80 пайыз дауыс жинауға мүмкіндік беретін түрлі құрылымдары жанданды. Бұл рейтингке сену не сенбеу әркімнің жеке ісі. Дегенмен, сауалнама жүргізетіндерге және рейтингтерді нақтылайтындарға жақсы қаражат табуға мүмкіндік туып отыр», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, барлық дерлік әкімшілік элита кіретін Nur-Otan-ның жеңісі мен жеңілісі автоматты түрде партия есебіне жазылады. Бұған қоса, дәл осы жайт партияның жергілікті жерлердегі жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.

«Зомби партиялар бар, олардың кейбірінде тіпті теріс те капитал орын алып тұр. Қорытындысында бәсекелестік жоқ. Ал бұл сайлаудың сүреңсіз әрі содан кейін Мәжілістің қызықсыз болуына алып келеді. Партиялар арасында шынайы бәсекелестік болуы үшін партиялық алаңда тым болмаған бір, мүмкін одан да көп жаңа партияның пайда болатындығына үміт артамын. Бұл халықтың наразылық градусын төмендетіп, Мәжіліс сайлауына деген сенімді арттырып, депутаттардың/партияның өз сайлаушылары алдындағы кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыра түсер еді. Сауалнамаға қарағанда, жаңа партия бірден 30 пайыз мандат алуы мүмкін. Nur-Otan 70, ал жаңа партия 30 пайыз орын алған жағдайдың өзінде тамаша бәсекелестік болар еді», - деді Олжас Құдайбергенов.


Соңғы жаңалықтар