Олимпиада: Михаил Кукушкин жарыс жолынан шығып қалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында теннисші Михаил Кукушкин 1/8 финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың аталған сатысында ол беларусьтік Илья Ивашкомен шеберлік байқасқан еді. Ол әлемдік рейтингте 66-орында тұр. Ал қазақстандық спортшы 127-орында келеді.

Ойын барысында 6:7, 6:3, 6:3 есебі тіркелді. Осылайша Беларусь теннисшісі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Илья Ивашко енді Маркос Хирон (АҚШ) пен Кэи Нисикори (Жапония) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салсақ, Михаил Кукушкин алғашқы сайысында аргентиналық Федерико Корианы 7:6, 7:5 есебімен жеңді.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар