+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Олимпиада: Медаль кестесінде Қазақстан 52-орында тұр

2021 жылғы 28 шілде 20:46
Бөлісіңіз:
Олимпиада: Медаль кестесінде Қазақстан 52-орында тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония жерінде өтіп жатқан XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 28 шілдедегі медаль есебінде Қазақстан 52-орынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін де Қазақстан құрамасының командалық есептегі көрсеткіші жақсарған жоқ.

Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло қоржынға салған қола медальмен кестенің 52-ші сатысына тұрақтады.

Кешеден бері бұл орынды Қазақстанмен Украина командасы бөлісіп тұр.

28 шілденің қорытындысы бойынша медаль алған мемлекеттердің саны 62-ге жетті.

Командалық есепте медаль саны бойынша әлі де Жапония көш басында келеді. Жарыс иелерінің қоржынында 13 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль бар.

Бүгін АҚШ-ты үшінші орынға ысырған Қытай құрамасы Жапонияны өкшелеп қалды десе де болады. Еншісінде 12 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль бар.

Ал АҚШ 11 алтын, 11 күміс, 9 қола медальмен үштікті түйіндеді.

Медаль саны бойынша алғашқы ондықтан орын алып тұрған командалардың көрсеткіштері мынадай:

1. Жапония - 13-4-5

2. Қытай - 12-6-9

3. АҚШ - 11-11-9

4. Ресей - 7-10-6

5. Аустралия- 6-1-9

6. Ұлыбритания - 5-6-5

7. Оңтүстік Корея - 4-2-5

8. Германия - 3-2-5

9. Франция - 3-2-3

10. Нидерланд - 2-6-3

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жалпы медаль жиынтығы: 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT