Олимпиада-2020: Қазақстандық велотрекші біліктіліктен өте алмай қалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстандық велотрекші Сергей Пономарев Токиодағы Олимпиада ойындарында спринт біліктілігі бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

1/32 финалда өнер көрсетуге 24 спортшы жолдама алған болатын. Пономарев ойын қорытындысы бойынша медаль үшін жарысты әрі қарай жалғастыратын қатысушылар қатарына іліне алмады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның төртінші қоласын Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алды.

Оған дейін дейін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов , ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанло бар.


Фото: cycling.kz

Соңғы жаңалықтар