Өлім жазасы Конституциядан алынады - министр Қуантыров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өлім жазасы Конституциядан алынып тасталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Құқық қорғау институттарын күшейту» бағытында 9 іс-шараны іске асыру көзделген.

«Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты құрылатын болады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері регламенттеледі. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі. Сонымен қатар, өлім жазасы Конституциядан алып тасталады», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің атап өтуінше, прокуратура органдарына азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу көзделеді.

Сондай-ақ, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда. Жоғарғы сот кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн-трансляциялауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялау енгізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар