Ольга Рыпакова. Жаңа маусымға жақсы дайындық керек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Үш қарғып секіруден Қазақстанның Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 21 сәуірде Дохада (Катар) басталатын Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Кеше спортшы Түркияға оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл бойы белсенді дайындалдық. Әлемнің ең мықты спортшыларының қатарына жас спортшылар да қосылды. Сондықтан, жақсы дайындық керек. Биыл жеңіл атлетика маусымы өте ұзаққа созылғалы тұр. 28 қыркүйекте Дохада әлем чемпионаты басталады», - деді Ольга Рыпакова.null

Спортшының айтуынша, қарашаға дейін үзіліс болмайды.

«Биыл ең ұзақ маусым басталады. Ол сәуірдің аяғынан қазанның ортасына дейін жалғасады. Біздің компания бұрынғыша, оған Испаниядан келген жас қыз қосылады. Ол қысқы Еуропа чемпионатында жақсы нәтиже көрсете білді. Байыппен дайындалып жатырмыз. Жиын ойдағыдай, ешбір жарақатсыз және проблемасыз өтеді деп үміттенемін», - деді О.Рыпакова.

Авторы Людмила Малько

Соңғы жаңалықтар