Оқушыны зорлау оқиғасы: Алматы облысының бас полицейі істі бақылауға алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев жасөспірім қызды зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам белсендісі Андрей Андреев Facebook желісінде 15 жастағы қыз баланы туған бөлесі 8 жасынан бастап зорлап келгенін жазды.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев оқиғаға қатысты мәлімет берді.

«Мен Андрей Андреевтің Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын қарастырдым. Жыныстық қудалау фактілері туралы келесіні хабарлаймын.

Қарасай аудандық полиция басқармасына 2006 жылғы А. есімді кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері дерегі бойынша әкесі тарапынан тәтесі болып табылатын Н. есімді азаматшаның өтініші бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі негізінде кәмелетке толмаған азаматшаның анасы жағынан туысы болып келетін Р. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тіркелді», - деді Серік Күдебаев.

Департамент басшысы сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші бірқатар сараптама тағайындағанын жеткізді.

«Сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қылмыстық процеске қатысушылардың барлық дәлелдері тексеріліп, қылмыстың куәгерлері анықталады.Іс бойынша тағайындалған сот сараптамалары мен тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Осы қылмыстық істің тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды»,- деп толықтырды С. Күдебаев.


Соңғы жаңалықтар