+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Оқушылар олимпиадасында жоғары балл алған балалар жүлдесіз қалған - БҒМ

2020 жылғы 17 ақпан 20:01
Бөлісіңіз:
Оқушылар олимпиадасында жоғары балл алған балалар жүлдесіз қалған - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқушылар олимпиадасын өткізу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық турын өткізу барысында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Республикалық олимпиаданың облыстық туры осы жылдың 5-6 қаңтарында өткен.

«Тексеру нәтижелері бойынша бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталды: облыстық пәндік олимпиаданың қазылар алқасы тарапынан объективті емес шешім шығару фактілері; жүлделі орындардың әділетсіз берілуі, атап айтсақ төмен балл жинаған қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, жоғары балл алған қатысушылар – жүлделі орынсыз қалған.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға конкурстың бірінші турынан өтпеген қатысушылар ие болған. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетімен олимпиаданы өткізу ережелерінің талаптары бұзылған», делінген хабарламада.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізуге Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдері жауапты болған.

«Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хаттар жіберілді», делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, БҒМ барлық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың ашықтығын әрі объективтілігін қамтамасыз етуді көздеп отыр.

«Олимпиада өткізу үрдісінің ашықтығын барынша қамтамасыз ету мақсатында барлық ақылы олимпиадалар алынып тасталып, министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуде. Олимпиадаларды толықтай цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT