Оқуға түскеннен кейін соғым жібереді - Елбасы ЖОО-лардағы жемқорлық жайында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінде жоғары оқу орындарындағы жемқорлық мәселесі қаралады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген жоғары оқу орындарында емтиханды ақшалай сыйлықақыға тапсыратындығын барлығымыз да білеміз. Оқуға түсетін кезде болғанын білетін едік. Әдетте сессия кезінде сынақ пен бағаны сатып алатын еді. Студенттерге жатақханада орындарды бөлу, басқа да өмірлік проблемаларды шешу барысында пара беруге мәжбүрлейді. Бұл жастар тарапының барынша наразылығын туындатады. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Қауіпсіздік кеңесіне арнайы топтармен бірге университеттерді ішінара іріктеп алып, осы мәселені зерделеуді және оны Қауіпсіздік кеңесінің талқылауына шығаруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қауіпсіздік кеңесінің талқылауынан кейін нақты шешімдер қабылданатын болады.

«Жастардың өзі де жемқорлыққа қарсы әрекеттерге белсенді түрде қатысуы тиіс. Сатып алынған білім, ақшаға алынған сынақ не болады? Айтыңыздаршы! Мұнан кейін қандай мамандар аламыз? »Назарбаев« Университетінде ешкім де емтихан, сынақ үшін ақша ұсынбайды. Оның не екенін де білмейді. 10 мың жасымыз батыстың үздік университетінде білім алды. Солар ол жақта кімге сынақ үшін пара бергенін айтып көрсінші. Көрдік қой, баласы оқуға түскеннен кейін артынан қысқа қарай соғым жібереді. Түскенде де жібереді, бітіргенде де жібереді. Әлі күні сонымен жүріп келеміз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар