ОҚО-да полицейлердің саулығына жауапты медицина мамандары марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  ішкі істер саласындағы медицина бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Өңірлік ІІД-нің бастығы Жанат Сүлейменов 5 қызметкерге «ҚР Полициясына 25 жыл» медалін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Салтанатты марапаттау рәсіміне департаменттің жеке құрамы қатысты. Жиында медицина бөлімінің басшысы Бауыржан Ізбасаров құттықтау сөз сөйлеп, омырауына төсбелгі таққан қызметкерлердің елі үшін адал қызмет ететініне сенім білдірді. Департаменттің медицина қызметінде ерекше көзге түсіп, марапатталғандар қатарында 30 жылдық жұмыс өтілі бар дәрігер Әділбек Ахметов пен дәрігер Закира Дауылбаева, медицина бөлімінің бас маманы Мәлік Құлназаров пен учаскелік терапевт Қонысбек Тұрманов, аға медбике Гүлнәр Бимурзаевалар бар. Жалпы, құқық қорғау саласында дәрігер болу - бұл нағыз бейімделуді талап ететін кәсіп. Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты абзал жандар, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне шүбәміз жоқ.

Осындай құттықтауларын жеткізген ОҚО ІІД бастығы Жанат Сүлейменов медицина қызметкерлеріне жұмыстарына алғыс тіледі. 


Соңғы жаңалықтар