ОҚО-да 4 млн теңгенің малын ұрлағандар ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер екі жыл ішінде 10 рет мал ұрлаған қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушілерге 4 млн теңге көлемінде шығын келтіргені анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Топ мүшелері қылмыстарын белгілі бір жүйемен жасаған. Яғни, мал иелерінің жоқтығын пайдаланып, үй жануарларын айдап әкетіп отырған. Мәселен,  екі жыл бұрын Атамекен ауылы маңындағы  жайылымнан 6 бас жылқыны  алып кеткен. Осылайша мал иесіне 1,5 млн теңге шығын келтіргені анықталды. Ал өткен жылдың күзінде Көктөбе ауылы тұрғынының ауласынан  құны 200 мың теңге тұратын сиырын ұрлап кеткен. Дәл осындай қылмысты олар бірнеше рет жасапты. Ұрланған малдарды сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған.

null

Қазіргі таңда,  аталған жайттар бойынша «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, айғақты заттар тәркіленген.  Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары соңғы кезде мал ұрлығы деректері азайғанын айтады. Мәселен, былтырғы жылы Мақтарал ауданы бойынша 46 мал ұрлығы тіркелген болса, ағымдағы жылы барлығы  11 қылмыс жасалған. Бұл ретте «Мал ұрлығына тосқауыл» жобасы бойынша жергілікті тұрғындарға жайылымдармен аулаларында өз малдарын бақылауда ұстау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді екен.
null

Сондай-ақ тұрғындар тарапынан төрттүлікті ұстайтын жерлерге дабыл жүйесін, бейнекамералар орнату, жарық құрылғыларымен қамту туралы және малдарға ен салу, есепке алу жағы қолға алыныпты.

Соңғы жаңалықтар