«ӨКМ Операторы» ЖШС басшысы мен ҚР Экология вице-министрі қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді агенттіктен.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуін тоқтату туралы тапсырма берді.

Соның аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚР Үкіметі «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде «Жасыл даму» акционерлік қоғамы айқындалды.


Соңғы жаңалықтар