ӨКМ операторы отандық кәсіпорындарға қалай қолдау жасап келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қалдықтарды сұрыптап жинау мен өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі қағидатын енгізу - елдің экономикалық әрі экологиялық дамуы бағыттарының бірі. Осы орайда «Радуга» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Катранов аталған қағидат аясындағы ынтымақтастық қадамдары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторымен түйісетін бернеше нүкте бар. Біз қаптаманы импорттаймыз әрі өндіреміз, қалдықтарды жинаймыз және қайта өңдейміз. ӨКМ операторы арқылы мемлекеттік қолдауды аламыз. Біздің ынтымақтастық қалдықтарды сұрыптап жинау бойынша инфрақұрылымды дамытуды ескерген. Осы жүйені Петропавлда енгіздік. Қазіргі кезде сұрыптап жинау сапасын арттыру тұрғысында ауқымды жұмыстарды іске асырудамыз. Осы қадамдарды маңызды талап деп санаймыз, себебі барша әлем осы шараларды жүзеге асырып жатыр», - деді Д. Катранов.

Осы орайда ол бұл бағытты дамытудың драйвері ретінде бизнестің үлесі маңызды екенін атап өтті.

«Бұған ӨКМ операторы ынталандыру жасауда. ӨКМ қалдықтарды жинаушылар мен қайта өңдеушілер арасында байланысты құрады. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі жүйесі арқасында біз түрлі қазақстандық зауаттармен ынтымақтастықты бастадық. ӨКМ операторы қолдауынсыз бұл тұрғыда экономикалық мақсаттылық болмас еді. Қазір Қазақстанның барлық өңірлерімен өзара байланысты орнатып, жұмыс істеудеміз», - деді ол.

Д. Катрановтың пайымынша, бүгінде ел тұрғындары қалдықтарды сұрыптап жинау маңыздылығы мен қажеттігін түсініп отыр.


Соңғы жаңалықтар