Валюта бағамдары:
    usd/kzt 425.02 eur/kzt 450.1

    rub/kzt 7.17 cny/kzt 63.75
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

«ӨКМ Оператор» ЖШС басқарушы директорының мүрдесі табылды

2022 жылғы 26 қаңтар 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ӨКМ Оператор» ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ер адамның мүрдесінің табылу фактісі бойынша «Есіл» аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді департаменттен.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабында жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығы көзделген.

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуін тоқтату туралы тапсырма берді.

Соның аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚР Үкіметі «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде «Жасыл даму» акционерлік қоғамы айқындалды.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар