Облыс тұрғындарына Алматыдан кредиттік баспана беріле ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімдігі Алматы облысы тұрғындарының несиеге берілетін тұрғын үйді брондауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасы банк» АҚ ұйымдастыруымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігінің несие тұрғын үйіне кезекте тұрғандар баспананы брондады.

Сонымен қатар банктің әкімдікке ұсынған тізіміне Алматы облысының (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағы – 150-ден астам елдімекен) тұрғындары да еніп кеткен.

Алматыдағы несиеге берілетін тұрғын үйді («Нұрлы дала» ТК және Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» ТК, Алатау ауданындағы «Мәдениет» шағынауданы) Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы салған және ол заңнамаға сәйкес тек Алматы қаласында кезекте тұрғандарға арналған.

«2021 жылғы 28 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне аталған азаматтардың Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй сатып алу заңдылығын түсіндіру жөнінде сұрау салған болатын. Министрліктегілер кезекте тұрғандар несиелік тұрғын үйді тіркелген жері бойынша ғана ала алатынын растады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы елдімекенде есепте тұрған азаматтарға ғана пайдалануға беріледі», - делінген қала әкімдігінің бапсасөз хабарламасында.

Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиеге берілетін тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр.

Соңғы жаңалықтар