Обама Арктика аумағының кейбір бөліктерінен мұнай мен газ өндіруге тыйым салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Арктика аумағының кейбір бөліктерінен мұнай мен газ өндіруге тыйым салды. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында АҚШ пен Канаданың бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

 Американдық тарап Атлант мұхиты мен Аляска жағалауында, Чукот және Босфорт теңіздерінің аумағында кен өндіруге тыйым салды. Бұл шешім әрбір бес жыл сайын қайта қаралады, деп жазады russian.rt.com.

Американдық көшбасшы өз Twitter-інде Солтүстік мұзды мұхит аумағындағы кен өндіруге тыйым салу ғаламшарды қорғайтындығын, Трудо екеуінің мұндай шешім қабылдағандарын мақтан ететінін жазды. 

Соңғы жаңалықтар