Нысаналы трасферттерді игере алмаған өңірлер белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында еліміздің 4 өңірі нысаналы трансфертті иегере алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің дерегінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 1,4 трлн теңгені құрады. 13 млрд теңге атқарылмаған.

«Биыл өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 сәуірге 328 млрд теңге бөлінген. Оның 99,2 пайызы игерілген. 2,5 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 0,5 млрд теңге – үнемдеу, 2 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында қалыптасты», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар