Нысана көздеуден Азия чемпионаты: қазақстандық мерген қола еншіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Ольга Аксенова қола жүлдегер атанды. Ол 215.3 ұпай жинаған.

Алтын және күміс медальді Таиланд елінің спортшылары Чампалат пен Прухсакорн өзара бөлісті.

Осы жаттығу бойынша Ирина Локтионова төртінші, Диана Харченко бесінші орын иеленді.


Соңғы жаңалықтар