+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды

2021 жылғы 22 қаңтар 12:00
Бөлісіңіз:
Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алғыс айту күні – адамгершіліктің, әділеттіліктің және жасампаздықтың жарқын көрінісі Мәжіліс депутаттары Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жобаларымен танысты «Жасыл аймақта» балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етілді

Бюро отырысында депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қарайтын болады.

Сондай-ақ, Бюрода VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың I сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы мәселе ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT