Нығматулин Босния және Герцеговина Президентімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті барысында Босния және Герцеговина Президенттігі Президиумының Төрағасы Б. Изетбеговичпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс спикері екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 20 жыл толған және Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында өтіп жатқан кездесудің маңыздылығына тоқтала келіп, мәртебелі мейманның бұл жолғы сапары өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.  

Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы  маңызды әріптесі болып табылады.

Н. Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап, Азия елдерімен, соның ішінде, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында ықпалдастықты күшейтуге ерекше назар аударып келе жатқанын айтты. 21 ғасырдағы технологиялық жаңалықтар, білім және инновациялық ғылым жарқын болашақтың кепілі. Сол үшін Қазақстан Президенті аталған саммитті өткізу туралы бастама көтергенін алға тартқан Мәжіліс төрағасы маңызды шара ИЫҰ мүше-мемлекеттердің тамырластығын тереңдетуге тың серпін беретін болады деді.

Өз кезегінде Б. Изетбегович Қазақстанның технологиялық жоғары жетістіктері қызықтыратынын және екі елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға аса мүдделі екенін жеткізді.   

Тараптар халықаралық және парламентаралық ынтымақтастық жайына да баса көңіл бөліп,  заңнамалық тәжірибе алмасу жайын сөз етті. 

Соңғы жаңалықтар