+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Нұржан Нұрсипатов алдағы Олимпиадағы дайындық туралы министрліктен ақпарат талап етті

2021 жылғы 23 қыркүйек 11:18
Бөлісіңіз:
Нұржан Нұрсипатов алдағы Олимпиадағы дайындық туралы министрліктен ақпарат талап етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Нұржан Нұрсипатов Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы Мәдениет және спорт министрлігінен ақпарат беруді талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатта Каспий теңізін ластанудан қорғау туралы хаттама ратификацияланды 21 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді Әлеуметтанушылар Қазақстан дамуына маңызды үлес қосты - Әшімбаев

Сенатор еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыруды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Депутаттың пікірінше, Президенттің бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуі қажет.

Нұржан Нұрсипатов сондай-ақ алдағы Олимпиадаға дайындықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті шаралар, оның ішінде заңнамалық сипаттағы ұсыныстар туралы салалық министрліктен хабардар етуді сұрады.

«2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Яғни олардың басталуына бес айдан аз уақыт қалды. Осы орайда өткен жазғы Олимпиада нәтижесінің қайталануын бәріміз де қаламаймыз. Осыған байланысты алдағы ойындарға дайындық деңгейі қандай? Токиодағы жағдайдың қайталанбауы үшін не істеу керек? Біздің «қысқы» құраманы іріктеу, жаттықтыру және қаржыландыру жұмыстары қалай жүргізіледі, деген сұрақтар туындайды»,- деді Нұржан Нұрсипатов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT