Нұрзат Сабыров АҚШ-та жекпе-жек өткізбейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (11-0, 9 КО) 1 мамырда АҚШ-тың Флорида штатындағы (Плант-Сити қаласы) жекпе-жегін өткізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Boxrec.com мәлім еткендей, Сабыров бұл кеште америкалық Ланнело Беллоузбен (20-6-3, 13 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын. Кездесудің не себепті тоқтатылғаны әлі белгісіз. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді.

Еске сала кетейік, Нұрзат 2020 жылдың ақпанында болған соңғы жекпе-жегінде мексикандық боксер Рикардо Флоресті (23-8-1, 15 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.


Соңғы жаңалықтар