Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды. Аталған қоғамның ұйымның төрағасы болып ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сырттағы қандастарымыздың ауызбіршілгінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор. Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы - соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Жаңа шетелдегі бауырларымызды тыңдап, ар жақта болса да отанға деген іңкәрлігін сезіп отырмыз. Алдағы уақытта жаңадан құрылып отырған шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының жұмысының ілгерілеуіне бәріміз бірауыздан атсалыссақ деймін. Мысалы, көрші Ресейде қазақша БАҚ-тар өте белсенді жұмыс істейді. Олар жыл сайын Сочи және басқа да қалаларда бас қосып, өзара тәжірибе алмасып жатады. Түрлі форум, жиындар өткізіп тұрады. Ол жерде қандастарымыз өз мәселелерін ортаға салып, соның шешімін іздейді. Осы бағыттағы жұмысты басқа елдерде де дамыту қажет. Алда бізді біраз шаруа күтіп тұр, бастамамыз сәтімен болсын» , - деді Нұртөре Жүсіп.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды.


Соңғы жаңалықтар