+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Нұртөре Жүсіп: Бұл Заң бұрынғы заңнан өзгерек

2020 жылғы 25 мамыр 17:00
Бөлісіңіз:
Нұртөре Жүсіп: Бұл Заң бұрынғы заңнан өзгерек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тауарларын электронды түрде өткізетін шетелдік интернет компаниялар ҚҚС төлейтін болады Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға қатысты құжатты мақұлдады Қазақстанда инвестициялық салық кредитін енгізу ұсынылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру туралы қағидаты дер кезінде қолға алынған бастама болды. Қазақстан осыған дейінгі даму жолында айтарлықтай реформалар жасады: елдің экономикалық, әлеуметтік, мәдени саласында көптеген өзгерістер болды, әйтсе де саяси тұрғыда біраз мәселе қордаланып та қалған еді, Президенттің халыққа Жолдауында атап өткендей, еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдай туындады. Мемлекет басшысы жиналыстарды, митингілер мен демонстрацияларды өткізу рәсімін жаңарту туралы мәселені осыдан тура бір жыл бұрын ұсынды», - деді Нұртөре Жүсіп.

Оның атап өтуінше, саяси реформаларды түбегейлі жаңғырту мақсатынан туындайтын бір мәселе - халықтың өз ұстанымын бейбіт жиналыстар арқылы білдіру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту. Бұл бір жағынан азаматтық қоғамның сұранысы десек те болады. Қолданыстағы заң 1995 жылы қабылданған болатын.

«Сенат қабырғасында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қызу талқыға түскені белгілі. Сөйтіп, заң жобасы Мәжіліске кері қайтарылды. Таяуда Мәжіліс депутаттары митинг туралы заң жобасын қайта қарап, Сенат ұсынған түзетулер мен ескертпелерді қабылдады. Бұл нені көрсетеді? Қоғамда үлкен серпіліс жүріп жатыр. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қатысты заң жобасы талай талқылаудан өтті. Заң жобасын дайындауға сол кездегі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев көп жұмыс жасады. Ақпарат министрлігі заң жобасын әзірлеу барысында қоғамдық пікірді, әлеуметтік желілердегі саналуан пікірді терең зерделеді. Тиісті әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Қоғам болған соң қарама-қайшы пікірлердің болуы да заңды. Алайда, үздіксіз талқылаудан соң оңтайлы нұсқа жобасы жасалды. Заң жобасын әзірлеу барысында қоғамдық ұйымдар мен қоғам белсенділері қатты белсенділік көрсетті. Жаңа заңды әзірлеу процесінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі тарапынан да нақты ұсыныстар болды», - деді ол.

Сенатордың айтуынша, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қатысты Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қабылданды.

«Бұл Заң – Қазақстанда барлық бейбіт жиналыс түрлерін ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін реттейтін жаңа заң. Тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда тұрпаты мен мазмұны мүлдем өзгеше. Шәкірім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген сөзінің сорабына салсақ, бұрынғы заңнан шын мәнінде өзгерек. Біріншіден, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру ісінде жауапкершілікке баса мән беріліп отыр. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Австралия, Сингапур, Жапония, Швеция және Ресей сияқты елдердің осындай заңнамалары мұқият зерделенді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, әлемнің көптеген елі бейбіт митингіні ұйымдастыру және өткізуде қоғамдық қауіпсіздікке айрықша мән береді.

Нұртөре Жүсіптің атап өтуінше, екіншіден, бұл заңнамаға бейбіт жиналыстардың базалық қағидаттары енгізілді. Бұл – зорлық-зомбылықсыз сипат, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қатысу еріктілігі. Үшіншіден, қолданыстағы заңда митинг пен пикеттің және өзге де жиындардың ара жігі ажыратылмаған еді. Қазіргі жаңа жобада бейбіт жиналыстарды өткізудің бес түрі анықталып, нақты көрсетіліп отыр. Бұрын рұқсат алу тәртібі қиын болатын. Атқарушы органдардан рұқсат алу үшін талай ұсыным жасалып, бюрократиялық кедергілерге тап болып жататын. Заң жобасын талқылау барысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды белгiлеу және оның санына қатысты сұрақтар көп болды. Бұған қатысты нормалар да айтарлықтай оңтайланды. Заң жобасы бойынша енді митингілерді өткізудің хабарлама тәртібі енгізіледі. Митингілерді өткізуге өтінім беру рәсімі жеңілдеді. Жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлау мерзімдері, сондай-ақ атқарушы билік органдарының өтінімді қарау мерзімдері айтарлықтай қысқарды. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың, оған қатысушылардың, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен міндеттері біршама нақтыланды. Бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тарту, оны тоқтату және тоқтата тұру үшін негіздердің толық тізбесі де белгіленді.

«Мұның бәрі үлкен өзгерістер. Біз көбіне «митинг» дегенде тек қана оппозициялық тұрғыдағы түсінікпен қарайтынымыз рас. Шын мәнінде бейбіт жиналыстар - митинг, шеру, пикет деген азаматтық қоғам мен билік арасындағы диалогтың түрі ғой. Қасым-Жомарт Тоқаев айтып отырған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген қағидаттың бір көрінісі. Сосын тағы бір мәселе – бейбіт жиналыстарды өткізу мәдениетін қалыптастыру. Бұл да өзекті мәселе. Қоғам болғасын толғандыратын жәйттер болады. Соларды мәдениетті түрде билік тармақтарына жеткізу үрдісі қалыптасады. Ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысы жақсаратын болады. Сонымен қатар, азаматтардың кез келген мәселені ашық және еркін жеткізуіне мүмкіндік туады», - деді сенатор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT