Нұртілеу Иманғалиұлы: Телевидениені дамыту үшін ғылыми көзқарас керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы телевидениені дамытк жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей телевизиясы, бүкіл 147 арнасы Кеңес Одағының тұсында болған білімді жетілдіру институтын сақтап қалды. Сол институт басқаша аталады және Ресейдің ең басты 36 арнасында стратегиялық, ғылыми орталыққа айналды. Менің ойымша, ХХІ ғасырда телевидениені дамытамыз десек, ғылымға жүгінетін, ғылыми айналымға түсетін шаруаларды қолға алу керек. Журналистердің сұрағына көңілі толмай, әлеуметтік желілердің жеке арналарын ашып алған әртістер жетеді. Бұл журналистер деңгейінің төмендігінің көрсеткіші де болуы мүмкін. Телевидениені түзейміз десек, Үкіметтің, министрлік жанынан жоғарыда айтқан ғылыми орталық ашу қажет. Телевизияда жүйе жоқ, мектеп жоқ. Біреудің жасаған дүниесін екінші біреу жалғастырмайды. Мұның бәрі салада ғылымның жоқтығынан деп ойлаймын», – деді Нұртілеу Иманғалиұлы.




Фото: old2.aikyn.kz

Соңғы жаңалықтар