Нұртай Алмашов Әскери сот әкімшісінің басшысы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Әскери сот әкімшісінің жаңадан тағайындалған басшысы Нұртай Алмашовты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наиль Ахметзакиров Нұртай Алмашов білікті маман ретінде сипаттап, оның көпжылғы басшылық тәжірибесі сот әкімшілігінің сапасын қамтамасыз ету міндеттерін атқаруға жұмсалатынына сенім білдірді.


Департамент басшысы сотқа келушілерге жоғары қызмет пен сөйлесу мәдениетін қамтамасыз ету, ашық, жылдам әрі сапалы қызмет көрсетудің жаңа форматына көшу қажеттігіне назар аударды.

Н.Алмашов ұсынылатын сот қызметтерінің сапасын арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Нұртай Алмашов 1981 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолын 2004 жылы телекоммуникация және почта байланысы бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде, Жоғарғы Соттың Департаментінде жауапты қызметтер атқарған.

Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы лауазымын атқарды.


Соңғы жаңалықтар