Нұртас Оңдасынов туралы фильм көпшілікке жол тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Youtube желісінде Нұртас Оңдасынов туралы «Биліктен биік тұлға» деректі фильмі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алыптар» сериясымен түсіріліп жатқан деректі фильмдер топтамасының бұл жолғы саны Нұртас Оңдасыновқа арналыпты. Фильмнің авторы - Назгүл Әбутұрапова. 2015 жылы түсіріліп бастаған туындының көпшілік назарына жол табуына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атсалысқан. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков «Биліктен биік тұлға» фильмінің идеясын ұсынып, түсірілімге қолдау көрсеткен.

«ХХ ғасыр алыптарының ішінде Нұртас Оңдасыновтың өз орны бар. Фильмде тарихи тұлғаның қызмет жолы мен елдік жолындағы күресі ерекше толғаныспен баяндалады», - дейді қауымдастықтың баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы.

Оның айтуынша, «Алыптар» топтамасына «кісендеулі жолбарыс» атанған Жұмабек Тәшенов, Қаныш Сәтбаев, Шахмардан Есенов, сондай-ақ Оспан батыр Сіләмұлы сияқты тұлғалар туралы фильмдер енген.






Соңғы жаңалықтар