Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - өмір энциклопедиясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - өмір энциклопедиясы. Мұндай пікірді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уинверситеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл кітапты замана құжаты десек артық айтқандық емес. Шын мәнінде ол өмір энциклопедиясы. Одан бұған дейін орын алған, бүгінгі күні орын алып жатқан барлық оқиғаларды оқуға болады. Яғни, біз осы дәуірдің, Тәуелсіздік дәуірінің қатысушыларымыз. Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында қазіргі Қазақстанның тарихын қаламгерлік шебер талантпен сипаттап берген. Президентті өз заманының шежірешісі де атасақ лайықты»,-  деді Анатолий Башмаков.
null 

Оның айтуынша, кітап әдеби әрі пубицистикалық тұрғыда кәсіби, жанды, анық, жан-жақты жазылған.

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы саяси антология болып табылады. Онда Президенттің ертеректегі және қазіргі сөз сөйлеулері мен жарияланымдары жинақталған. Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында өте күрделі, ауыр кезеңнің куәгері ретінде пікір білдіреді. 508 беттік кітап 4 бөлімнен және 33 тараудан тұрады», - деді ол.
null 

А.Башмаковтің айтуынша, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітап таяу арада еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілетін болады.
null  

Айта кетерлігі, бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары республикалық қауымдастығының кеңейтілген отырысы өткен болатын. Шарада Қызылордадан тікелей бейне байланысқа шыққан Қызылорда мемлекеттік университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас еліміздің жоғары оқу орындарында оқытылатын «Рухани жаңғыру» пәніне Абайдың қара сөздері мен Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын енгізуді ұсынды.

 

Соңғы жаңалықтар