Нұрсұлтан Назарбаевтың Байқоңыр телевидениесіне эксклюзивті сұхбаты немесе Қазақстанның ғарышқа алғашқы қадамы

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Осы күндері Қазақстанда еліміздің Тұңғыш Президенті күні аталып өтуде. Осыған орай «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі «Байқоңыр» ғарыш кешенінде сақталған Қазақ КСР басшысының Байқоңырға қатысты естеліктері мен эксклюзивті фотосуреттерін бөлісуді жөн көрді.

Ленинск қаласы мен Төретам, Ақай кенттерінің көнекөз қариялары сол тұстағы Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс бабымен Байқоңырға жасаған үш сапарын да жақсы біледі. Ол - уақыт пен ахуал шиеленісе түскен кезең еді. Алып одақтан республикалар бірінен кейін бірі шығып жатқан-тын. Ал бұл тұста Қазақстан аумағында орналасқан кеңестік ғарыш айлағының келешегі әлі де жұмбақ күйде қалып отырды.

1991 жылдың 13 қаңтарында саяси мәлімдеме жасау үшін Қазақ КСР Президенті КСРО Жалпы көлік құрау министрі Олег Шишкинмен бірге Байқоңырға келіп жеткен еді.

Мен сол тұста Ленин телевидение студиясының бас редакторы едім. Түсірілім тобы «Крайний» әуежайында Мәскеуден келген арнайы рейсті күтіп алды. Телекомпания директоры Лариса Коноваленконың күш салуымен ғарыш айлағының әскери цензурасы жергілікті тілшілерге Қазақстан Президентінің сапары туралы бағдарлама даярлауға рұқсат берді. Біз лауазымды мейманның келуіне барынша дайындалып жаттық. Сол тұста өте сирек кездесетін тірі гүлдер де әкелінді. Қарапайым гүл шоқтары қазақ баласы Данияр мен орыс қызы Таняға беріліп, Қазақстан мен Ресейдің достығын үлгі еткен екі оқушы қонған ұшақтан түсіп келе жатқан Президентке қарай команда бойынша жүгірді.

Нұрсұлтан Назарбаев алдымен ғарыш айлағының әскери басшылығымен амандасты. Кейін балаларға жақындап, сыйланған гүлдерді алды. Даниярмен қолынан алып амандасса, Таняның басынан сипады және балаларды құшағына қысты. Қаңтардың суығында гүлдей жайнаған балалар мен күлімдеген Президент - Қазақстан басшылығының Байқоңырға жеткен алғашқы минуттарында ерекше телевизиялық естелік болып қалған еді.

Қазақстан Президентінің Байқоңырға сапары туралы репортажды жүргізу жауапкершілігі маған жүктелді. Тек кейін ғана менің эксклюзивті фильмім журналист ретінде қазақстандық ғарыш шежіресінің бастауы болатынын түсіндім.

1991 жылы 13 қаңтарда бір күннің ішінде Қазақ КСР басшысы ғарыш айлағындағы, қала мен Төретам кентіндегі бірнеше нысанды аралады.

Гагарин старты мен Байқоңыр алаңын аралау, Ленинск қаласындағы ғарыш айлағындағы жағдайды зерттеу, Республикалық ғарыш мектебінде оқып жатқандармен кездесу (айтпақшы, Қазақстан Президенті сол мектепке компьютерлік сынып сыйға тартқан еді), Байқоңырға тиіп жатқан Төретам мен Ақай ауылдарының тұрғындарымен кездесу, сапардың аяқталуы, Қазақстан Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы Ғаділбек Шалахметовтың ұйымдастыруымен өткізілген тілшілерге арналған баспасөз мәслихаты - мұның бәрі де сапар барысында жасалған жұмыстар легі-тін. Нұрсұлтан Назарбаев сол тұста Қазақстанның меншігі ретіндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағының жаңа мәртебесі туралы мәлімдеме жасап, ғарыш кешенін сақтап қалу және ұстап тұру Одақтың бұрынғы республикаларының ортақ күш салуы арқылы ғана іске асатынын атап өтті.

Президент пен оның командасы Байқоңырға жасаған осы сапары барысында «Прогресс» көлік кемесінің дайындығын да көрген еді. «Мир» орбиталық станциясына экипажбен шығу келесі жылдың күзіне қарай жоспарланған. Нұрсұлтан Әбішұлы аталмыш экипажға қазақ космонавтарының бірін енгізу туралы ұсыныс жолдады. Бұл ұсыныс егеменді Қазақстанның жаңа тарихын бастап жатқан жас мемлекетке өте маңызды еді.

Жылдар бойы Байқоңыр Қазақстан үшін жабық болып қалған еді. Президенттің пайымынша, ғарыштан қазақ ғарышкері көкке көтерілетін уақыт келді! Бұл әділеттілік қана емес, ғарышты игеруде республиканың шынайы қадамы, тәуелсіз мемлекеттің ғарыш саласындағы жұмысының бастауы еді.

Президентке баспасөз мәслихаты барысында мен қойған сұрақ саясатқа емес, жаңа жылға қатысты еді.

«Мұнда сіздерге өмір сүру оңай емес екенін білемін. Климат та, жағдай да мәз емес. Бір жағынан мемлекеттік кеңес, екінші жағынан әскерилер бар... Келіп жатқан 1991 жылы Ленинск қаласының тұрғындарына, Байқоңырдың барлық еңбеккерлеріне сәттілік тілеймін», - деп тілегін білдірді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақ КСР басшысы өз сөзінде сапар қорытындысына көңілі толатынын атап өтті: КСРО басшылығымен ғарыш айлағы және қазақ ғарышкерінің сапары туралы саяси келіссөздер жасалды.

«Байқоңырдың ғылыми-техникалық әлеуетін Қазақстанның мүддесіне барынша тарту керек», - деді ол.

Сапар барысында одақтық және ресейлік ведомсто басшыларымен  қазақ ғарышкерін ұшыру туралы ғана емес, Қазақстанның ұранымен Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 30 жылдығын да атап өтуге қатысты келіссөздер жасалған еді.

Қазақстанның ғарышқа алғашқы қадамы осылай жасалды...

...Осынау ширек ғасырдың ішінде Қазақстан Президенті Байқоңырмен етене жұмыс істеп келеді. Оған куә ретінде ғарыш айлағы мен қалаға деген ерекше назарды айта аламыз.

Соңғы жаңалықтар