Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Хорватияның бұрынғы Президентінен жеделхат келіп түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасының атына Хорватияның Республикасының бұрынғы Президенті Степан Месичтен жеделхат келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Степан Месич Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Сіздің сырқаттанып қалғаныңыз туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдадым.

Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді, күш-қайрат пен сарқылмас оптимизм тілеймін», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді.



Соңғы жаңалықтар