Нұрсұлтан Назарбаев: Жер шары ерте ме, кеш пе ядролық қарудан арылатынына сенімдімін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференциясына қатысушыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Әлемдік экономика және саясат институты бірлесе отырып Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференция өткізген болатын. Ядролық қауіпсіздікті қолдайтын және ядролық қарудан азат әлемнің Жаһандық көшбасшылар альянсын (ЖКА) құру идеясын – Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы қарашада Астана клубының 5-ші отырысы барысында жария еткен болатын. Бүгінгі шараның басты мақсаты да осы бастаманы ілгерілету болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырысқа қатысушыларға алғысын білдірді.

«COVID-19 пандемиясы дағдарысқа ұшыратты. Бірақ адамзат өз тарихында мұндай деңгейдегі тегеуріндермен бұрын да кездесіп, жеңіп келді. Халықаралық бірлестіктер бұл стрес-тесттен де аман өтіп, бұл жолды жеңімпаз ретінде басып өтетініне сенімдімін. Құрметті достар! Биыл әлем трагедиялық датаны атап өтті. Осыдан 75 жыл бұрын ядролық қару бірінші рет жарылған болатын. Содан бері адамдардың бірнеше буыны өсіп жетіліп, Хиросима мен Нагасаки апатын естен шығара бастады. Алайда жаһандық ядролық архитектураға жүргізілген талдау жағдайы бұл бұрыс әрі қауіпті жол екенін көрсетіп отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, «ядролық бестікке» де-факто ядролық қаруларға ие мемлекеттер де қосылған. Оларға бұл қаруға ие болуға жақын елдерді тағы қосуға болады.

«Екіншіден, ядролық арсеналдың 90 пайызы тиесілі Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы өте төменгі нүктеде тұр. Үшіншіден, жарылу қаупі бар тағы бір сюжет қиындап барады. Ол - Вашингтон мен Бейжіңнің текетіресі. Төртіншіден, АҚШ-тың бәрін тегіс қамтитын әрекеттер жоспарынан шығуы Иран және Солтүстік Кореяның ядролық түйінін шешу жолында қосымша кедергілерді туындатты. Бесіншіден, әлемнің жетекші елдері жоғары технологиялы, оның ішінде ғарыштық қарулану көрсеткішінің жаңа бәсекесін қыздыра бастады», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев «Кейбір мәселелер көптің назарын өзіне бұрғанымен, жүрегіңізден орын алған жайтқа көбірек назар аудару керек» деген нақыл сөзді қатысушылардың есіне салды.

«Қазақстан Президенті болған шағымда мен сыртқы саясаттағы жұмысымның біршама бөлігін – ядролық қарудан еркін идеясы мен жетістігіне арнадым. Олай етуімнің себептері де бар еді. Біріншіден, Қазақстан ядролық қару сынағының бүкіл қайғы-қасіретін сезіне білген мемлекет. Семейдегі полигоннан менің 1,5 миллионға жуық отандасым зардап шекті. Менің жарлығым бойынша әлемдегі ең ірі полигондардың бірі 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім – ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салатын адамзат тарихындағы ең алғашқы шешім болатын. Кейін басқа мемлекеттер де өз полигондарын жапты. Осылайша менің елімнің үлгісін басқа елдерде де қолдап, бұл бастама жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен қатар бұл шешім 1996 жылы бәріне ядролық сынақтарға жаппай тыйым салған келісімге негіз болды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның бастамасы бойынша 2010 жылы 29 тамызды – Біріккен Ұлттар ұйымы ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні деп жариялағанын еске салды. Содан бері осы күн бүкіл әлемде жыл сайын аталып өтеді.

«Екіншіден Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қуаты төртінші орында тұрған ядролық қару арсеналынан бас тартты. Тарих бұл қадамның дұрыстығын растап берді. Біз өзіміздің осы батыл үлгімізбен прогрес мен гүлдену жолына бейбіт жолмен жетуге болатынын көрсеттік. Үшіншіден, Қазақстан ядролық қарусыздандыру бойынша барлық келісімдерге қатысты. Осынау маңызды бастамада бізге қосылғандарға алғыс ретінде мен «Ядролық қарусыз әлем мен жаһандық қауіпсіздік үшін» сыйлығын бекіттім. Қазақстанда одан бөлек кез келген мемлекетке бейбіт атом саласын дамытуға мүмкіндік беретін МАГАТЭ банкі құрылды», - деді ол.

Сөз соңында Елбасы кеңеске қатысушыларға жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруларға қарсы күрес – оңай емес екенін есіне салды.

«Алайда Рузвельт айтқандай, «Істеген ісіңе сенсең, оның өзі шаруаның жартысын еңсергенің» деп кеткен. Осыған байланысты ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарулар еркін әлем көшбасшыларныың жаһандық альянсын құру жолындағы менің бастамамды қолдаған баршаңызға алғысымды білдіремін. Альянсты құру және мақсатын айқындау жолында қабылдаған ашық мәлімдемеміз – бұл бағыттағы нақты практикалық қадам. Мен Жер шары ерте ме, кеш пе ядролық қарудан босайтынына, менің «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифестімнің басты міндеті орындалатынына сенімдімін», - деп түйді Елбасы.


Соңғы жаңалықтар