Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар түркі әлемі елдері интеграциялық үдерісінің қазіргі жағдайы мен алдағы перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар аймақтық қауіпсіздікті және Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар