Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа Қазақстанның темір жол транзитінің әлеуетін арттыра беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда транзиттік бағдарлар қиын кезеңде салынды. Өсім мен тиімділігін, мүмкіндігін көрсетіп жатыр. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Транзиттің арқасында 5 млрд долларға дейін табыс таба аламыз. Серіктестермен әрдайым жұмысты жалғастыра беру керек. Жеңіл транзитке мүмкіндікті жасау керек», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысында.

Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев келесі контейнерлік транзиттік бағдардың бірі – Иран бағыты екенін жеткізді.

«Мұнда ауқым айтарлықтай үлкен емес. Алайда өткен жылға қарағанда динамика 2 есе өсті. Осы бағдардың бәрі де Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Осылайша Ақтау портына да пайдасын тигізіп отыр. Жалпы ТМД аясында жүк тасымалы азайып бара жатыр. Ал бұған дейінгі теңіз немесе әуе арқылы келетін тасымалдың көбі қазір теміржолға ойысып барады», - деді Сауат Мыңбаев.


Соңғы жаңалықтар