Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан-Тәжікстан қатынастары достық, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік рухында одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар