+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылғы 24 шілде 17:53
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда Президент сайлауына қатысты үміткерлердің үгіт-насихаты өтуде Өзбекстанда көпшілік шаралар мен жиындарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді Өзбекстанда карантин жеңілдетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті шын жүректен туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық пен амандық, бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы белсенді жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға зор үлес қосқанына ерекше тоқталды.

Соңында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан серіктестігінің жоғары деңгейін және екі ел халықтарының мүддесі үшін оны одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT