Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар бір-бірін келе жатқан Жеңістің 76 жылдық мерейтойы және Ораза Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін дәстүрлі тату көршілік, өзара сенім және сан ғасырлық достық рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстаның стратегиялық қатынасының қазіргі деңгейін жоғары бағалады.

Бұған саяси саладағы жемісті қарым-қатынас, биыл сауда көлемінің ұлғайғаны және шекаралық сауда саласындағы іскер топтардың өзара іс-әрекетіне жаңа мүмкіндіктер жасалғаны, бірлескен экономикалық және өңіраралық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны, мәдени-гуманитарлық бағдарламалардың насихатталуы әсер етіп отыр.

Соңында тараптар өңірде бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру және тереңдету қажеттігі туралы пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар