Нұрсұлтан Назарбаев РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш ПрезидентіМихаил Мишустинді жауапты және маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

– Сіз бұл қызметке өте қиын кезеңде келіп отырсыз. Қазір жағдай оңай емес. Жаңа лауазымда сіздің мол тәжірибеңіз пайдалы болады деп сенемін. Кеше Алматыда цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқыладыңыздар, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Ресей Федерациясымен тату көршілік қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

– Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тырыстым. Бүгінгі таңда біздің байланыстарымыз үлгі етуге тұрарлық деп есептеймін. Алдағы уақытта да осылай болғанын қалаймын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Өз кезегінде Михаил Мишустин Елбасыға кездесу үшін алғыс білдіріп, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жылы лебіздерін жеткізді.

– Мен алғашқы шетелдік сапарымды Қазақстаннан бастадым. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен Ресей Федерациясы Президентінің ең ізгі тілектерін жеткізгім келеді, - деді Ресей Федерациясының Премьер-Министрі.

Кездесу барысында тараптар Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру және құрлық елдері арасындағы сауда қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды.


Соңғы жаңалықтар