+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев: Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке

2021 жылғы 13 мамыр 07:48
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев: Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы белгілі қайраткері Манура Ахметованың жақындарына көңіл айтты

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.

Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.

Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.

Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT